​Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

0
1 458

Жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне тікелей аударылмақ.


​Енді жұма уағызын online тыңдауға болады

ERNUR.KZ. Енді жұма уағызын online трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл жобаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Аль Сақр Финанс» АҚ-ы «Уақып» қорының қолдауымен іске қосқан.

«Енді жұма уағызын online трансляцияда тыңдауға болады. Трансляция әр жұмада Астана қаласындағы «Әзірет сұлтан» мешітінен жүргізілмек. Тағы бір айта кетерлік жаңалық: жұма уағызы қазақ тілінен орыс және ағылшын тілдеріне тікелей аударылмақ», - дейді ол.

Оn-line трансляцияға қосылу үшін www.alsaqr.kz сайтына кіріп, «play» батырмасын басқаннан соң өзіңізге қолайлы тілді таңдау қажет. Уағыз тыңдау үшін қолыңызда интернетке қосылған ұялы телефон мен құлаққап болса жеткілікті.