Ер адам Қазақстан шекарасынан арыстан мен жолбарыстың күшіктері заңсыз өткізбек болған

0
1 005

Айтуынша, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған.


Ер адам Қазақстан шекарасынан арыстан мен жолбарыстың күшіктері заңсыз өткізбек болған

Ер адам Астраханьнан Қазақстанға екі арыстан мен екі жолбарыстың күшігін әкелмек болған. Шекара қызметкерлері көлікті тексеру кезінде заңсыз жүкті анықтады, - деп жазады Tengrinews.kz.

60 жастағы ер адам "Қараөзек" бақылау-өткізу бекеті арқылы екі жүк таситын көліктің артқы орындығында жануарларды алып өтпек болған. Оның бұл жүкті тасымалдауға рұқсаты болмаған.

Ұсталған ер адамның айтуынша, ол Шешенстаннан үш айлық арыстан мен жолбарыстың күшігін сатып алып, Қазақстандағы жеке хайуанаттар бағына сатпақ болған.

Еске салайық, бұған дейін полиция қызметкерлері Қарағанды хайуанаттар бағындағы арыстанның күшіктерін сатпақ болған үш ер адамды ұстаған болатын.