Ер адам мектепте газ шашып, бұрынғы әйелінің қос жанарын зақымдады

0
983

Екі көзінің қасаң қабығын химиялық күйік шалу диагнозы қойылды.


Ер адам мектепте газ шашып, бұрынғы әйелінің қос жанарын зақымдады

ERNUR.KZ. Ақсуда ер адам мектепке кіріп кетіп, бұрынғы әйеліне баллоннан белгісіз сұйықтықты шашқан, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Павлодарда Ақсу қаласының полиция бөлімшесіне № 8 мектептен шақырту түсті," - дейді баспасөз қызметінде.

12 ақпан күні сағат 10-да 37 жастағы ер адам мектептің ішінде белгісіз сұйықтық бар баллонды бұрынғы әйеліне шашыратқаны анықталды. Әйел адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Екі көзінің қасаң қабығын химиялық күйік шалу диагнозы қойылды. Ерлі-зайыптылардың арасында ажырасқаннан кейін кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі мен қамқорлыққа алу бойынша жанжал орын алған. Ер адамға қатысты әкімшілік шара қолданылады. Ақсу қаласының ауруханасына мектеп қызметкерлері мен оқушыларға көмек алуға жүгінбеген.