Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады

0
887

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.


Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысына Түркияда шығарылған TOGG электромобилі сыйға берілді, деп жазады zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Ол мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.