Еркін күрес: Данияр Қайсанов Олимпиаданың ширек финалына шықты

0
1 541

Ол ширек финалда египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.


Еркін күрес: Данияр Қайсанов Олимпиаданың ширек финалына шықты

ERNUR.KZ. Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп жазады Olympic.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды.

Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов египеттік Амр Реда Хуссенмен кездеседі.