Ерлі-зайыпты қарияларды өлтірді деп айыпталған жігіт бостандыққа шықты

0
773

Дархан Дүйсенаев былтыр күдікке ілінген болатын.


Ерлі-зайыпты қарияларды өлтірді деп айыпталған жігіт бостандыққа шықты

ERNUR.KZ. Павлодарда қатыгездікпен ерлі-зайыпты қарияларды өлтірді деп айыпталған жігіт ақталды, деп жазады ktk.kz.

76-78 жастағы қариялардың мүрдесі былтыр ақпанда Майқайың кентінен табылған болатын. Дүйсенаев қариялардың банк карталарын көшеден тауып, банкомат арқылы тексергендіктен күдікке ілінді. Марқұмдардың денесін үй қызметшісі тапқан. Арада көп уақыт өтпестен Дархан қамауға алынады. Алайда елді мекен тұрғындары жас жігіттің жазықсыз қамалғанын айтып, наразылық білдірген. Алғашында прокурорлар күдіктіні 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрапты. Бірақ сот қажетті дәлелдердің аздығына байланысты оны бүгін екінші рет ақтап шықты.

- Қылмыстың ешқандай түрі анықталмады. Қылмыс құралы мен киім де, қанды қолғаптар да табылмады. Бірақ қылмыскердің қолғаппен жұмыс істегені белгілі болды, - деді адвокат Азамат Каунев.