Ертең барлық өңірде ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді

0
615

​ТЖМ сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.


Ертең барлық өңірде ауқымды сейсмикалық оқу-жаттығулар өтеді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі 23 ақпанда еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін хабарлады.

Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
"Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес берді.