Ертістен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

0
460

Марқұмның мәйіті көлікте болған.


Ертістен белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Павлодар облысында Ертістен 9 күн бұрын белгісіз жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Марқұмның мәйіті көлікте болған, деп жазады Tengrinews.kz.

Жантүршігерлік оқиға туралы павлодарлық құтқарушылар хабарлады. Құтқарушылар 16 маусымда түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен ер адамды үш күн бойы іздестірген.

"25 маусымда Ертісте жедел-іздестіру шаралары барысында эхолот көмегімен 10-15 метр қашықтықтан шамамен бес метр тереңдікте көлік табылды. Сүңгуір суға сүңгіп, көлік аударылып жатқанын растады. Арнайы техника көмегімен көлік жағаға шығарылып, "102" қызметіне тапсырылды. Жоғалған адамның денесі салон ішінен табылды", - деді Павлодар қалалық ТЖД өкілдері.