"Ешкім көмектеспеді": Өскемен тұрғыны тапа-тал түсте әйелге жасалған шабуыл туралы айтты

0
650

ШҚО полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.


ERNUR.KZ. Өскемен тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі osa_uka_vko парақшасына жантүршігерлік жағдайды айтып шағымданды. Оның айтуынша, әйелге таңертең ерте белгісіз біреу шабуыл жасаған. Әйел шабуыл қаланың ортасында болғанын, бірақ оның көмек сұраған айғайына ешкім назар аудармағанына ашуланған, деп жазады tengrinews.kz.

"8 қазанда болған жантүршігерлік жағдайды айтайын деп едім. Таңертең ерте бір әйел үйінен шығып бара жатқанда, жолда белгісіз ер адам оған шабуыл жасады. Оқиға қала орталығында болды. Әйелге өтіп бара жатқан көліктерден де, адамдардың да ешқайсы көмектеспеді, ол айғайлап жатты. Бұл саябақтың бір жерінде түнде емес, күндізгі уақытта болды. Оның орнынада кез келген қыз, тіпті бала болуы мүмкін еді", - дейді куәгер.

Желіде күдікті түсіп қалған видео пайда болды.

"Мен бұл адам қылмыстық жазаға тартылып, түрмеде отырады деп үміттенемін", - деп жазады қыз.

ШҚО полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Қызға шабуыл жасау фактісі тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу әрекеттерінің соңында құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдықшешім қабылданады", - деп хабарлады ведомство.