Есілде 12 жасар қыз суға батып кетті

0
417

21 мамырда демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізіліп, шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілген.


Есілде 12 жасар қыз суға батып кетті

ERNUR.KZ. Кеше сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға болды, деп жазады baq.kz.

2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті.

"Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды", - делінген хабарламада.

21 мамырда демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізіліп, шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілген.

"28 мамырда бөлім қызметкерлерімен Silk Way демалыс аймағында құтқару бекетінің су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру және демалыс аймағын жабдықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Суға шомылуға және балаларды су айдынында қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы ақпараттық стенд орнатылды", - делінген ТЖД хабарламасында.