Ескерту жазылған SMS-хабарлама қазақстандықтарды күлдірді

0
527

Астана полициясы бұл хабарламаны түсіндірді.


Ескерту жазылған SMS-хабарлама қазақстандықтарды күлдірді

ERNUR.KZ. Астана полиция департаментінің SMS-хабарламасы қазақстандықтарды күлдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Үтірге байланысты хабарлама алаяқтарға үндеу тәрізді болып қалған. Сондай-ақ, қолданушыларды "Алаяқтар" сөзінің бас әріппен жазылғаны таңғалдырған.


Астана полициясы бұл хабарламаны түсіндірді. Олар Полиция департаменті атынан Астана тұрғындарына жіберілген SMS-хабарламада техникалық қате жіберілгенін мойындады.

"Қазіргі уақытта ол жойылды, ертең ұялы байланыс операторы қосымша хабарлама таратады. Бұл профилактикалық хабарлама және зиян сілтемелер арқылы алаяқтардың қауіпті айлалары туралы ескертеді", - деп түсіндірді елордалық полицияның баспасөз қызметі.