Еуроодақтың қазақстандық көмірге сұранысы артты

0
474

Осыған байланысты Қазақстанда көмір өндіру көлемі де артты.


Еуроодақтың қазақстандық көмірге сұранысы артты

ERNUR.KZ. Қазақстанда көмір өндіру көлемі артып келеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазақстанда отын-энергетикалық кешенді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көмір өндіруді жыл сайын ұлғайту көзделген.
"Жақын уақытта Богатырь көмір кенішінде циклдік-ағындық технология іске қосылады деп жоспарланған. Бұл 42 млн тоннадан 50 млн тоннаға дейін көмір өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деп жазды министрлік.
Жалпы өндірілген көмірдің 26-28%-і эскпортталады.
"ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша алыс шет елдерге тас көмір мен лигнит экспорты 6,5 есеге, яғни 1,3 млн.тоннадан 8,5 млн тоннаға дейін ұлғайды. Өйткені Еуропалық Одақтың қазақстандық көмірге деген сұранысы артқан", - дейді ведомство.