Эвакуация жүріп жатқан ауылда егіз қыз дүниеге келді

0
287

Нәрестелер мен олардың анасы қауіпсіз жерге аман-есен жеткізілді.


Эвакуация жүріп жатқан ауылда егіз қыз дүниеге келді

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының төрт ауылына қауіп төніп, тұрғындарды эвакуациялау басталған еді, деп жазады inbusiness.kz.

Нұра ауылынан көшірілген тұрғындардың арасында жас босанған ана да болды. Ол нәрестелерімен бірге аудан орталығына тікұшақпен жеткізілді. Қазір аудандық аурухана дәрігерлерінің бақылауында. Денсаулықтарына еш қауіп жоқ.

Балалардың анасы Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институты мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.