EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған көрмесін тас-талқан етті

0
6 363

Жеміс-жидектен жасалған өрнекті көпшіліктің талан-таражға салып жатқанын желі қолданушылары әлеуметтік желіге жариялаған.


EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған көрмесін тас-талқан етті

ERNUR.KZ. EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған ауыл шаруашылығы көрмесінің тас-талқанын шығарды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тәжікстан тарапы ұйымдастырған жәрмеңкені түске дейін қос мемлекеттің басшылары тамашалаған еді. Алайда, түс ауа осы маңға жиналған көпшілік жәрмеңкедегі жеміс-жидектен жасалған өрнектердің үстінен басып-жаншып, талан-таражға салған.

Оқырмандардың пікірі сан алуан. Бірі «ұят-ай», «халық рухани аш», «дым көрмеген» деп жазса, өзгесі «халық мәдениетті алып жатыр», «түймедейді түйедей етуді қойыңдаршы», «халық үшін жасалған нәрсе» деп, көпшіліктің бұл әрекетін жақтаған.