​FlyArystan әуекомпаниясы Ақтаудан Бакуға қатынайды

0
665

Рейстер 1 сәуірден бастап әр жұма және жексенбі сайын орындалады, саяхат ұзақтығы бір сағаттан аса уақытты құрайды.


​FlyArystan әуекомпаниясы Ақтаудан Бакуға қатынайды

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы жаңадан ашылып жатқан Ақтау-Баку бағытына билеттерді сата бастады. 19 999* теңгеден басталатын билеттер лоукостердің мобилдік қосымшасында және flyarystan.com.com сайтында қолжетімді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рейстер 1 сәуірден бастап әр жұма және жексенбі сайын орындалады, саяхат ұзақтығы бір сағаттан аса уақытты құрайды.
«Ақтау – FlyArystan-ның ұшақтары орналасқан Қазақстандағы бес базасының бірі. Сондықтан біз Маңғыстаудан халықаралық бағдарлар желісінің кеңеюі туралы жаңалықпен бөлісуге аса қуаныштымыз. Түркия, БАӘ және Грузияға тұрақты түрде орындалатын рейстерше енді Әзірбайжан елордасы – шуақты Бакуға қосылмақ. Ақтаулықтардан бөлек теңіз жағасында орналасқан Баку мұнай астанасы тұрғындары үшін де қолжетімді болады, себебі біз жолаушыларға ыңғайлы түйісу рейстері мен қолжетімді бағаларды ұсынамыз. Заманауи қала өмірі мен дәстүрлі мәдениеті үйлескен шаһар отандас саяхатшылардың көңілдерінен шығады деген сенімдіміз», - деп жаңалықтармен FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Мадина Бужинова бөлісті.
FlyArystan Ақтаудан ТМД-дағы жетекші әуе айлақтарының бірі болып табылатын Гейдар Әлиев халықаралық әуежайына қатынайды. Қала қонақтары әуежайдан қалаға тәулік бойы қатынайтын аэроэкспресс автобустарымен, таксимен немесе автокөлікті жалға алу қызметіне жүгіну арқылы жете алады.
*Билет құны сапар мен салмағы 5 кг-нан аспайтын (мөлшері 56*23*36 см) бір дана қолжүк пен кездейсоқ орынды қамтиды. **Әзірбайжан кіру ережелерімен таныс болыңыздар.