FlyArystan бортта болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

0
431

25 маусымда KС7375 "Астана-Ақтау" бағытындағы ұшақтың төмен түскенде бір жолаушының жүрегі айныған.


FlyArystan бортта болған төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде "Астана-Ақтау" бағытындағы ұшақтың бортында болған оқиғаның видеосы тарады. Бір жолаушының жағдайы күр нашарлап кеткен. Ал оған көмектесемін деген адамдарға оттегісі бар балонды іздеуге тура келді, деп жазады sputnik.kz.

Куәгерлердің айтуынша, стюардесса алдымен бір баллонды алып келді. Бірақ ол бос болып шықты.
"Одан кейін тағы бір оттегі баллонын алып келген. Ол жартылай бос болды. Абырой болғанда дәрі-дәрмек қобдишасында қажетті препараттар табылды, ол дәрілер әйелдің өмірі сақтауға көмектесті", - деп жазылған видеода.
FlyArystan компаниясы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Рейс аяқталғаннан кейін екі оттегі баллоны да тексерілді. Көрсеткіші 1500 psi-ден жоғары болды.
"Яғни екі баллон да толық оттегімен қамтылған", - дейді компания мамандары.
Ресми мәліметке сәйкес, 25 маусымда KС7375 "Астана-Ақтау" бағытындағы ұшақ төмен түскенде бір жолаушының жүрегі айныған. Әйел өзін нашар сезінді. Бортсеріктер дереу алғашқы көмек көрсетті.
"Алғашқы медициналық көмек көрсету барысында бортсеріктер жолаушының қан қысымын өлшеп, оның төмен екенін анықтады. Осыдан кейін оттегі баллоны қолданылды. Бортсеріктер нұсқаулыққа сәйкес ауаның өтуін алдын ала тексеріп, жолаушыға оттегі маскасы кигізген. Алайда, көмек көрсету барысында бортта дәрігер бар екені анықталып, кейіннен ол қан қысымын қайта өлшеп, жолаушыны көлденең жатқызу керектігін айтты. Оттегі баллоны қажет болмай қалды", - делінген хабарламада.
Дәрігер жолаушыға 1 мг атропинді екті. Осы уақытта атропиннің және адреналиннің тағы бір дозасы дайындалды және жаңа оттегі баллоны берілді. Бірақ жолаушының жағдайы жақсарды.
FlyArystan көмекке келген дәрігер-жолаушыға алғыс білдіріп отыр.