FlyArystan жеке жолаушы тасымалдаушы компаниясы ретінде сертификат алды – Талғат Ластаев

0
348

Вице-министр бөліну процесі аяқталғанын атап өтті.


FlyArystan жеке жолаушы тасымалдаушы компаниясы ретінде сертификат алды – Талғат Ластаев

ERNUR.KZ. FlyArystan ресми түрде дербес әуе компанияға айналды, бірақ Air Astana-ның 100 пайыз еншілес бөлігі болып қала береді. Сенат кулуарында көлік вице-министрі Талғат Ластаев осылай деп мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министр орынбасарының сөзінше, бұл компанияны бөлудің ең негізгі кезеңдерінің бірі болған.

“Кеше FlyArystan жеке пайдаланушы сертификатын алды. Ол – жеке тәуелсіз компанияға айналды. Десе де "Эйр Астананың" 100% еншілес бөлігі болып қала береді", – деп түсіндірді Ластаев.

Ол жеке заңды тұлға құрылып, енді FlyАrystan пайдаланушы сертификатын алғанын және "әуе компаниясы” деп аталуға мүмкіндік беретінін еске салды.

Вице-министр бөліну процесі аяқталғанын атап өтті. Кеше ғана көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігі FlyАrystan әуе компаниясын сертификаттаудың барлық бес кезеңін аяқтағанын хабарлады.

Айта кетейік, көліктегі полиция департаменті прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылы 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған Bek Air "Fokker-100" ұшағына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері аяқталғанын мәлімдеді.