Франция президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

0
794

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.


Франция президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

ERNUR.KZ. Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, деп жазады sputnik.kz.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Қысқаша әңгіме барысында үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.