Футболдан 2026 жылғы ӘЧ финалы өтетін стадион анықталды

0
306

2026 жылғы әлем чемпионат АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында болады.


Футболдан 2026 жылғы ӘЧ финалы өтетін стадион анықталды

ERNUR.KZ. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалы АҚШ‑тың Нью‑Йорк қаласындағы «Метлайф‑стэдиум» стадионында өткізіледі. Бұл жөнінде Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Финалдық ойын 2026 жылғы 19 шілдеге белгіленген. Аталған стадион 82,5 мың жанкүйерге арналған.

Ал 3-орын үшін сайыс Майами қаласындағы 64 767 адамның сыятын «Хард Рок Стэдиум» стадионында өткізіледі.

2026 жылғы әлем чемпионат АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында болады.

Айта кетсек, доп додасына тұңғыш рет 48 құрама қатысады. Ойындар АҚШ‑тың - 6, Мексиканың - 2, Канаданың - 1 стадионында өтеді.

Әлем чемпионаты өз тарихында тұңғыш рет үш мемлекетте болады. Бұған дейін 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапония дүбірлі доданы бірлескен түрде ұйымдастырған еді.