Газа секторында қанша қазақстандық бар?

0
660

Газа секторында қазақстандық төлқұжаттары бар азаматтар тұратын 25-ке жуық отбасы бар.


Газа секторында қанша қазақстандық бар?

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Палестина мен Израиль арасында қақтығыс болып жатқан Газа секторында қанша қазақстандық тұратынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің мәліметі бойынша, Газа секторында қазақстандық төлқұжаттары бар азаматтар тұратын 25-ке жуық отбасы бар. Бұл негізінен Палестина азаматтарымен неке құрған азаматтар", - деді Айбек Смадияров.

СІМ келіп түскен хабарламаларға сүйене отырып, Израильдің жердегі операция жоспарларына, сондай-ақ жүргізіліп жатқан бомбалауға байланысты кейбір отбасылар қауіпсіз орын іздеу үшін Газа секторы бойынша тұрақты қозғалыста екенін атап өтті.

"Қозғалыс қиындаған, коммуникация мен электр қуатына қатысты мәселелер бар, сондықтан барлық ақпаратты жинап болғанша осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деп түйіндеді Смадияров.