Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

0
714

Барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.


Геннадий Головкин әлемдік рейтингіде көш бастады

ERNUR.KZ. Boxrec.com сайты жаңартылған рейтингіні жария етіп, онда қазақстандық Геннадий Головкин көш бастады, деп жазады inform.kz.

Кеше Риота Муратаны (16-3, 13 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) BoxRec рейтингісінде салмақ дәрежесіне қарамастан, барлық боксшылар арасында 698.6 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) 678.4 ұпаймен екінші сатыда. Америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29 КО) 524.0 ұпаймен әлем боксшылары арасында үздік үштікті түйіндеді.