Германиядағы ереуілдің кесірінен қазақстандықтар елге қайта алмай жатыр

0
389

Осы рейстердің жолаушыларына тиісті SMS хабарламалар жіберілді.


Германиядағы ереуілдің кесірінен қазақстандықтар елге қайта алмай жатыр

ERNUR.KZ. 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 "Астана-Франкфурт-Астана" рейстерінің ұшуы тоқтатылды, деп жазады tengritravel.kz.

Компания мәліметіне сәйкес осы рейстердің жолаушыларына тиісті SMS хабарламалар жіберілді. Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.

"Әуекомпанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның солдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның call орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген ресми хабарламада.