Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адам сотталды

0
299

​Сот 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиді 11 жылға бас бостандығынан айырды.


Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген адам сотталды

ERNUR.KZ. Грузия соты қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірді деген күдіктіге үкім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Сот 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиді 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот біліктілікті өзгертіп, "пайда табу мақсатта кісі өлтіру" негізін дәлелденбеді деп тапты. Іс прокуроры бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіні атап өтілді.

Сот құқық бұзушының өз кінәсін мойындауы мен балаларының болуын ескергені хабарланды.

Еске салайық, 2023 жылы 21 мамырда Грузияның Кахети қаласында қазақстандық журналист өлі табылды. Габриэл Хохобашвили оны алдап, Жанбота Төлегеннің ақшасын алып, Тбилисиден Кахетиге баруға мәжбүрлеп, журналистің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген.