ІІМ басшысы ресейліктер Қазақстаннан қандай жағдайда экстрадицияланатынын айтты

0
493

Министр 21 қыркүйек – Ресейде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кіргенін, 147 мыңы кеткенін мәлімдеді.


ІІМ басшысы ресейліктер Қазақстаннан қандай жағдайда экстрадицияланатынын айтты

ERNUR.KZ. Үкімет кулуарында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ресей азаматтарын экстрадициялау және беру тәртібі заңмен реттелгенін айтты, деп жаззады zakon.kz.

Оның айтуынша, бірінші себеп – оған қатысты сұрау салушы мемлекетте қылмыстық іс қозғалуы, Қазақстан заңнамасында да ол қылмыстық жазаланатын әрекет деп танылуы.

Бұдан бөлек, Марат Ахметжановтың сөзінше, рәсімді Ресейдің тиісті құзырлы органдары санкциялауы керек.

ІІМ басшысы экстрадициялау туралы өтініш Ресей мен Қазақстанның бас прокурорларына жіберілетінін, содан кейін қарау рәсімі басталатынын айтты.
Бірақ шетел азаматын экстрадициялау кезінде біз бас тартатын белгілі бір халықаралық міндеттемелер бар: егер ол адамда босқын мәртебесі және басқа да заңды негіздер болса.Марат Ахметжанов

Министр 21 қыркүйек – Ресейде ішінара мобилизация жарияланған сәттен бастап Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік кіргенін, 147 мыңы кеткенін мәлімдеді.