Интернаттағы балаларды ұрып-соғу дерегі – директор қызметінен шеттетілді

0
557

Балаларды ұрып-соғу дерегі туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.


Интернаттағы балаларды ұрып-соғу дерегі – директор қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. "Шаңырақ" отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева қызметінен шеттетілді, деп жазады zakon.kz.

Балаларды ұрып-соғу дерегі туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Ол өздеріне аталған балалар ауылының тәрбиеленушісі көмекке жүгініп, директордың оқушыларды ұдайы ұрып-соғатынын айтқан.

"Бала сенім телефонына қоңырау шалды. Ол өзін 9 жастан бастап 16 жасына дейін интернат директоры ұрып-соғып келгеніне шағымданған. Осылайша ол басқа балаларды да ұрып-соғатын көрінеді", - деді "Немолчиkz" қоғамдық қорының басшысы.

Балалар үйінің тәрбиеленуші түсірген шағымнан кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Тергеу аяқталғаннан кейін және оқиғаның барлық мән-жайлары анықталғаннан соң директордың өз жұмысын жалғастыру-жалғастырмауы бойынша шешім қабылданады.