​Ішек-қарын тазалаған жас келін желідегілерді сүйсінтті (видео)

0
6 971

ERNUR.KZ. Технология дамыған заманда ғаламтор жұлдызы атану түк те қиын емес. Бұл жолы қазақтың жас келіні желі жұлдызы болды. Келіндік міндетін орындап отырған келіншек бұнысы арқылы жұртты сүйсінтті.


​Ішек-қарын тазалаған жас келін желідегілерді сүйсінтті (видео)

ERNUR.KZ. Технология дамыған заманда ғаламтор жұлдызы атану түк те қиын емес. Бұл жолы қазақтың жас келіні желі жұлдызы болды. Келіндік міндетін орындап отырған келіншек бұнысы арқылы жұртты сүйсінтті. Желіде тараған видеода орамал таққан жас келіншектің малдың ішек-қарын тазалап отырған сәтін көруге болады. Жас келін алдымен ішектерді тазалайды. Содан соң қарынға кіріседі. Соңында ыдысқа тап-таза жуылған ішек пен қарынды көрсетеді. Оны әлдекім видеоға түсіріп, желіге салған. Оны көрген желідегілер келіннің пысықтығына тәнті болып, бақыт тіледі.

«Мұндайды тек біздің келіндеріміз ғана жасай алады», «Жарайсың, қарағым. Бақытты бол», «Ех, шіркін. Ауылдың исі аңқып тұр ғой. Сағындым ауылымды», «Қазақтың келіндері жасасын!» деген пікірлерін жаудырған қолданушылар арасында осындай тәрбиелік мәні бар видеолар көбейсе деген ниетін де жасырып қалмады.

«Дұрыс, осындай пайдалы видеолар көбірек болса екен. Әйтпесе зорлап кетіпті, өлтіріп қойыпты дегендерден әбден шаршадық» деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Видео: желіден алынды