Ішімдікке тойып алған полиция формасын киген ер адам төбелес шығарды (ВИДЕО)

0
1 085

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаланың 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардың біреуі ҚТЖ қызметкері болып шықты.


Ішімдікке тойып алған полиция формасын киген ер адам төбелес шығарды (ВИДЕО)

фото:tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. 6 маусымда «102» телефонына Қарағанды қаласы 18-ықшам ауданда тұрғын үй ғимаратының жанында төбелес болғаны жайлы ақпарат түскен, деп жазады sn.kz.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаланың 25 жастағы екі тұрғынын ұстады. Оқиғаны анықтау барысында 6 маусым күні сағат 17:00-де № 29 үйдің жанында екі ер адамның спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Олардың біреуі ҚТЖ қызметкері болып шықты.

Ішімдік ішкендерге осы үйдің 35 жастағы тұрғыны қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін олардың араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. 36 жастағы куәгерлердің бірі ажыратуға тырысқан.



35 жастағы ер азамат жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» заңы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, полиция құқық қорғау органдарының қызметкерінің төбелес барысында оқиға орнында болғандығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.