Иттерге қатысты зорлықтан кейін «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті

0
708

Қараусыз қалған жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша тәуелсіз сараптама жүргізіледі.


Иттерге қатысты зорлықтан кейін «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Иттерге қатысты зорлықтан кейін «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде, «Астана Ветсервис» директоры жұмыстан босатылды.

«Елорда әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған жануарларды қатыгездік таныту фактісі бойынша, тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапқа тартылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК Нұр-Сұлтан қаласындағы жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ал Azattyq Rýhy тілшісі елордадағы иесіз иттерді зорлаған орынға барып, жағдаймен танысып қайтқан еді. Волонтерлар оған зорланған иттердің видеосы зоофилдерге сатылған болуы мүмкін екенін айтты.