Израильдегі «Болашақ» стипендиаттары елге қайтады

0
1 030

Бүгін Air Astana ұшағы Тель Авивке ұшып кеткен болатын.


Израильдегі «Болашақ» стипендиаттары елге қайтады

ERNUR.KZ. Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Израильдегі соғыс жағдайына байланысты ондағы «Болашақ» стипендиаттары елге қайтарылатынын мәлімдеді, деп жазады Kazinform.

«Израильде «Болашақ» бағдарламасы арқылы 16 адам білім алып жатқан. Оның ішінде Хайфа қаласында 12 студент бар. Қалған 4 студент басқа қалалардағы ұйымдарда тағылымдамаға кеткен. Олар бүгін Қазақстанның эвакуациялау ұшағымен елге қайтарылады», - деді орталықтың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ орталықтың баспасөз қызметі олардың оқуын жалғастыру мәселесін арнайы қарастыратынын жеткізді.

Бүгін таңғы 8:00-де Air Astana ұшағы Тель Авивке ұшып кеткен болатын. Қазақстандық студенттер мінген ұшақ елге түнгі уақытта жетеді.