Израильдегі қазақстандықтарды алып келу үшін Алматыдан Тель-Авивке ұшақ аттанды

0
557

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 9 қазан күні уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдіргенін айтқан еді.


Израильдегі қазақстандықтарды алып келу үшін Алматыдан Тель-Авивке ұшақ аттанды

ERNUR.KZ. Air Astana әуе компаниясының рейсі қазір Израильде жүрген қазақстандықтарды алып келеді, деп жазады zakon.kz.

"Бүгін сағат 08:00-де Air Astana ұшағы Алматыдан Тель-Авивке ұшты. Қазақстандықтар мінген рейс Алматыға жергілікті уақыт бойынша шамамен 23:45-те келеді", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 9 қазан күні уақытқа дейін Қазақстанға оралуға 118 азаматымыз ниет білдіргенін айтқан еді. Тель-Aвивтегі Бен-Гурион атындағы халықаралық әуежай жұмысын штат режимінде жалғастырып жатыр.

"Бұл ретте осы 1-2 күнде үкімет деңгейінде Тель-Авивке жіберілетін арнайы репатриациялық рейстер ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігінің болжамы бойынша Израильде консулдық есепке тұрмаған 400-ден астам Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Шетелдегі отандастарымыздың назарына Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелеріне консулдық есепке тұру қажет екенін тағы еске саламыз. Бұл процедура ерікті түрде және тегін жасалады. Сонымен қатар қашықтан жасауға болады", – деді ол.

Кейінгі кезде Израильде болып жатқан әскери-саяси оқиғаларға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген отандастарымызға Қазақстанның шет мемлекеттердегі дипломатиялық мекемелеріне консулдық есепке тұру қажет екенін тағы еске салды.

Есепке тұру үшін консулға тиісті ақпаратты, яғни төлқұжаттың көшірмесін, байланыс деректерін және тұрғылықты мекенжайын жіберуі қажет. Бұл ақпарат дипломаттарға төтенше жағдайларда біздің азаматтармен жедел байланыс орнатуды және қажет көмек көрсетуді әлдеқайда жеделдетеді.