Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

0
1 058

Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Қайрат Боранбаев 6 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Қайрат Боранбаев апелляциялық соттың үкімімен 6 жылға сотталды, деп жазады stan.kz.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы кәсіпкерді ақша жымқырды және заңсыз алынған мүлікті заңдастыру бойынша кінәлі деп таныды.

Сонымен қатар Боранбаевтың мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Бұған дейін Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталған еді. Алайда сот үкімнің күшін жойып, тергеу жалғасқан еді. Ал 14 қыркүйекте Боранбаевтың 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекетке қайтарғаны белгілі болды.