Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

0
738

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.


Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңгенің мүлкін қайтарды

ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп жазады inbusiness.kz.

"Тергеу шеңберінде жалпы құны 90 млрд теңгеден асатын активтерді, оның ішінде: мұнай кен орнын, газ тарату компаниясын, сервис саласындағы кәсіпорынды, қонақ үй және сауда-ойын-сауық кешендерін, фитнес орталықтар желісін, кеңсе үй-жайларын және басқа да активтерді мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтару жөнінде шаралар қабылданды", – деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Сондай-ақ, Қайрат Боранбаев Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды.

"Осы объектілердің барлығы мемлекеттік органдар мен компаниялардың балансына беріліп, ал ақшалай қаражат білім беру инфрақұрылымын дамыту үшін пайдаланылады", – деп хабарлады Агенттік.