Қайрат Боранбаевтың ісі апелляциялық сатыда қаралып жатыр

0
634

Ресми жауапта айтылғандай, прокурор мен жәбірленушінің өкілі мәлімделген өтінішхатқа келісім берген.


Қайрат Боранбаевтың ісі апелляциялық сатыда қаралып жатыр

ERNUR.KZ. Қайрат Боранбаевтың ісін апелляциялық сатыда қайта қарау туралы келісім шарттары талқыланып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қ. Боранбаев, Т. Жанұзақ және Р. Наханов Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының 2023 жылғы 31 наурыздағы үкімімен сотталған. Сот үкіміне сотталғандар мен олардың қорғаушыларынан апелляциялық шағым түсті. Апелляциялық саты шағымдардың дәлелін, сондай-ақ прокурор үкімнің күшін жою туралы өтінішхатты қарап, сот үкімінің күшін жойып, шағымды қарауға кірісті», - делінген ҚазАқпарат сауалына қалалық соттан берілген жауапта.

Ресми жауапта айтылғандай, прокурор мен жәбірленушінің өкілі мәлімделген өтінішхатқа келісім берген.

«Істі қайта қарау басталғанға дейін Қ. Боранбаев және оның адвокаты, сондай-ақ басқа да сотталушылар мен олардың қорғаушылары іс жүргізу келісімін жасасу туралы өтінішхат жазды. Апелляциялық сатыдағы сот өтінішті қанағаттандырды, процеске қатысушыларға іс жүргізу келісімін жасасу үшін уақыт берілді», - дейді елорда сотынан.

Қазір іс жүргізу келісімінің шарттары талқылау сатысында.

Еске салайық, Қайрат Боранбаевқа шыққан үкімнің күші жойылғаны туралы хабарлаған едік.