Қайрат Боранбавтың мемлекет меншігіне өткен қонақүйі сатылымға шығарылды

0
369

Аукцион 27 наурызда өтеді.


Қайрат Боранбавтың мемлекет меншігіне өткен қонақүйі сатылымға шығарылды

ERNUR.KZ. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін аукционға шығарды, деп жазады stan.kz.

Қонақүй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарна 587,9 миллион теңгеге тең.

Аукцион 27 наурызда өтеді. Аукцион шарттарына сәйкес, жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақүй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек. Сондай-ақ жаңа қожайынның Қазақстандағы қонақүйлерді басқару саласында кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы шарт.

Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын “Comfort Hotel Astana” қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өткізген болатын. Кейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қонақүйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар ол бұл нысанды әлеуметтік қызметке берудің қажеті жоғын, елордада туристік мақсаттағы мұндай деңгейдегі қонақүйлердің тапшы екенін айтты.