Қалада болмайды: "Крис-П" радарлары тек трассада "ататын" болды

0
975

Ішкі істер министрі тиісті шешім қабылдады.


Қалада болмайды:

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта патрульдік полицейлермен елді мекендерде қолмен және мобильді тасымалданатын жылдамдықты өлшеуіш құралдарын пайдаланбау жөнінде Ішкі істер министрі тиісті шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Бұл "Крис-П" мобильді кешендерге де қатысты.

Бірақ елді мекендерден тыс қала сыртындағы жолдарда жылдамдық өлшегіш құралдары бұрынғыдай қолданылады.

Бұл шаралар қалаларда ЖЖҚ бұзушылықтарын тіркейтін стационарлық жүйелердің көптеп енгізілуімен байланысты: қазір олар 3,5 мыңнан астам.