​Қамауда отырған Мұратхан Тоқмәди қашып кетті

0
2 648

Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылып, уақытша қамауға алынған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди қашып кетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Қамауда отырған Мұратхан Тоқмәди  қашып кетті

фото: tengrinews.kz

Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген айып тағылып, уақытша қамауға алынған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди қашып кетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы ақпарат таратты. Ондағы мәліметке сенсек, бүгін кешкі уақытта аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген бизнесмен Тараз қаласындағы облыстық ауруханадан белгісіз бағытқа қашып кеткен. Құзырлы мекеме басшысының қызметтік бағыттама хатының көшірмесі әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Аса ауыр қылмыс бойынша тергеуге алынып, уақытша қамауда жатқан кәсіпкердің үстінде қара түсті тізесіне дейін келетін күртеше, джинсы шалбар, аяғына спорттық аяқкиім немесе туфли кигені көрсетілген. Тараз қаласында кәсіпкерді іздеу шаралары қолға алынған.

фото: іздеу жарияланған желіден алынды

"Жоғарыда көрсетілген дерек бойынша Сіздің басқарып отырған жеке құрамды бағдарлауды және қандай да болмасын мәлімет келіп түскен жағдайда төменде көрсетілген мекенжайларға төмендегі телефон арқылы хабарласуларыңызды сұраймын" делінген ІІБ басшысының бағыттама хатында.

Ақпарат ретінде айта кетерлігі, бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің үстінен қозғалған іс бойынша сот процесі Тараз қаласында жүріп жатыр. Ол осыдан он төрт жыл бұрын орын алған сол кездегі банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген күдікке ілінген. Бұл қанды оқиға сол кезде абайсызда қарудан оқ атылды деп, іс жылы жабылып қалған еді. Дегенмен кәсіпкер өткен жылы бұл іске өзінің қатысы барын мойындаған болатын.