Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі құрамынан шығарылды

0
469

​​"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді.


Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қор акционерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сай директорлар кеңесі құрамынан Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Директорлар кеңесіне Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов кірді.

"Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Қуантыров А.С., Сәтқалиев А.М., Сүлейменов Т.М.", - делінген хабарламада.

2021 жылы қарашада Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қызметінен кетіп, орнына Қанат Бозымбаев тағайындалған еді.