​"Канело" Головкинмен жекпе-жегі жайлы мәлімдеме жасады

0
619

Мексикалық пен қазақстандықтың айқасы 17 қыркүйекке белгіленген.


​

ERNUR.KZ. Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) орта дивизионда IBO және IBF чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Мексикалық пен қазақстандықтың айқасы 17 қыркүйекке белгіленген.

"Меніңше, екі кездесу жеткілікті еді, бірақ, бізде келісім бар және бұл ең жақсы ұсыныстардың бірі деп ойлаймын. Менің тарапыма айтылған шіріген сөздері үшін сазайын тартатын уақыт келді", - деп береді Альварестің сөзін vRINGe.com.