"Канело" Головкинмен жекпе-жекке қатысты ойын өзгертті

0
439

Трилогия қыркүйекке жоспарланған болатын.


ERNUR.KZ. Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші айқасқа қатысты ойын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Трилогия қыркүйекке жоспарланған болатын.

"Дәл қазір назарымның 100 пайзы да Биволмен жекпе-жекте. Головкинмен айқас мені қазіргі таңда мүлде қызықтырып тұрған жоқ. Биволмен кездесуден кейін бірдеңе айтуға болады. Арамыздағы үшінші кездесуді жанкүйерлер көргісі келеді, дұрыс па? Сондықтан бұл айқас - тек жанкүйерлер үшін ғана", - деп береді "Канелоның" сөзін vRINGe.com.