"Канело" Ковалевтен тартып алған белбеуінен бас тартты

0
681

Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр.


ERNUR.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварес жақында иемденген жартылай орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінен бас тартады, деп жазады baq.kz.

"Канело" ресейлік Сергей Ковалевті жеңіп, одан тартып алған белбеуін босатпақ.

Айта кетейік, Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап жүр. Қос боксшы келесі жылы кездесуі мүмкін.