Қаңтар қырғыны: "Молотов коктейлдерін" таратқан тұрғын ұсталды (видео)

0
875

​ 44 жасар азамат өзінің баласымен бірге әрекет еткен.


Қаңтар қырғыны:

ERNUR.KZ. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Полицейлер соның арқасында күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп жазады exk.kz.

Қаңтардың 5--і күні Тараздағы Қазыбек би көшесінде топ болып келе жатқан бүлікшілер ортасына "Митсубиси Диамонд" маркалы автокөлік келіп тоқтаған. Оның ішінен екі ер адам шығып, сол жерде "Молотов коктейлдерін" даярлап, бүлікшілерге таратқан.


Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 255-бабы 4-бөлігімен ( терроризм актісі) қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотты болған 44 жасар Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.