Қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға жеделдеді

0
447

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарында байқалған.


Қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға жеделдеді

Қаңтар-наурызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға жеделдеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Осы жылғы қаңтар-наурыз айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға дейін жеделдеді. Аталған есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша нақты сектор өсімнің жеделдеуі, экспорт көлемінің үдемелі ұлғаюы, қызмет көрсету секторындағы тұрақты динамика байқалуда. Нақты сектордағы өсім 5,9 пайызды құрады. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,8 пайызға дейін ұлғайды», - деді министр.

Оның дерегінше, салалар арасында көлік және қоймалау, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсетіп отыр.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 1,5 пайызды құрады. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6 пайыз болды. Инвестициялар құрылыс саласында – 2,2 есеге, білім беруде – 2,2 есеге, мемлекеттік басқару; әлеуметтік қамсыздандыруда 78,5 пайызға өсті», - деді Әлібек Қуантыров.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент қаласында, сондай-ақ Ақмола және Павлодар облыстарында байқалған.