Қапшағайға Қонаев есімі берілуі мүмкін

0
560

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты.


Қапшағайға Қонаев есімі берілуі мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты.

"Біз ұлан ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын", - деді Президент.