Қарағанды, Ақтөбе облыстарында «Спутник V» II компоненті таусылды

0
302

Осы өңірлерде бірнеше күннен бері екпенің екінші дозасын салдыруға келгендер вакцина салдыра алмай қайтуға мәжбүр.


Қарағанды, Ақтөбе облыстарында «Спутник V» II компоненті таусылды

фото: кадрдан алынған

Қарағанды, Ақтөбе облыстарында «Спутник V» II компоненті таусылды Қарағанды мен Ақтөбе облысында «Спутник V» вакцинасының екінші компоненті таусылып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Осы өңірлерде бірнеше күннен бері екпенің екінші дозасын салдыруға келгендер вакцина салдыра алмай қайтуға мәжбүр. Өңірлерде вакцинаның түгесіле бастағанын денсаулық сақтау саласының өкілдері растап отыр.

Бірақ бұл «Спутник V» тапшылығынан емес, оның сапасын тексеру жұмысының кешеуілдеп жатқанымен түсіндіреді. Ал бұл істі «СК Фармация» компаниясы жүргізуі керек. Компаниядағылар сараптама қорытындысы жақын күндері дайын болады дейді, бірақ кешіктірілуіне не себеп екенін айтпады.

Қарағанды облысының тұрғындары соңғы бірер күнде «Спутник V» екінші компонентін ала алмай қала емхана аралап кеткен. Барған жерлерінде вакцина жоқ деп қайтарып жатыр.

"Екіншісі әлі жоқ дейді. Әлі келген жоқ, хабарлаймыз дейді. Қоймада жоқ па, білмеймін, дұрыстап айтпайды. Бұларға байланысты емес қой, жоғарыға байланысты. Бұл кісілерді кінәләуға болмайды, Әкеле ме, істейді. Бұйрық болса істейді, демек әлі жеткізілмеген", - дейді Қарағанды тұрғыны Құралай Қошақаева.

Емхана мен вакциналау орталықтарының табалдырығын тоздырған келушілерді дәрігерлер сабырға шақырады. Айтуыларынша, вакциналауды кештетіп те жасай беруге болатыны ғылыми тұрғыда дәделденген.

"Вакцинаның әр партиясы тексеріліп, сертификатталуы қажет. Біз қазір тек сол құжаттарды ғана күтіп отырмыз. Жақын күндері бұл мәселе шешімін табады. Екініші компонетті әр тұрғын алады", - дейді дәрігер Татьяна Баширова.

Ақтөбеде тұрғындар емханалардан бірнеше күннен бері екпенің екінші компанентін таба алмай жүр. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасындағылар оған алаңдауға еш негіз жоқ дейді. Себебі, бұрынғыдай екінші екпені 21 күнде емес, 90 күнде алуға болатынын алға тартады.

"Қазір вакцинаның екінші компанентін күтіп отырмыз. Бүгін, ертең Ақтөбеге оны жеткізуі керек. Келген бойда оны аймақтағы медициналық мекемелерге таратып береміз. Тұрғындардың еш уайымдамасын", - дейді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Бекболат Ізбасаров.

Дәрігерлердің айтуынша, «Спутник V» вакцинасы қоймаларда бар. Бірақ ақ халаттылар оны егуге құқығымыз жоқ деп азар-безер болады. Өйткені осы партия егуге жарайды деген сараптама қорытындысын «СК Фармация» компаниясы беру керек екен. Алайда сараптаманың кешігуін компаниядағылар түсіндіріп бере алмады. Тек бүгін ертең мәселені шешеміз дейді. Ал дәрігерлер вакциналаудың екінші кезеңіне келген жұртты сабырға шақырып жатыр.