Қарағанды ​​мектептерінде балаларды 7 жыл бұрын мерзімі өтіп кеткен дәрімен емдеген

0
1 061

Сондай-ақ 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.


Қарағанды ​​мектептерінде балаларды 7 жыл бұрын мерзімі өтіп кеткен дәрімен емдеген

ERNUR.KZ. Қарағандының прокурорлары мектептерде медицина саласындағы жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерізімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды.

«2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды. Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды.

Қадағалау шараларымен мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалды.