Қарағанды облысында әскери қызметші велосипедшіні қағып өлтірді

0
366

Рөлде әскери қызметші отырған, көлік оның қызметтесіне тиесілі, тергеу жүріп жатыр.


Қарағанды облысында әскери қызметші велосипедшіні қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша істейтін әскери қызметші велосипедшіні қағып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Жол апаты Саранда 27 мамырға қараған түні болды. Әскери қызметші қызметтесіне тиесілі автокөліктің рөлінде отырған.

Жексенбі, 30 мамырда жәбірленуші алған жарақатынан көз жұмды.

Алдын ала тексеріс бойынша велосипедші алдындағы көлікті басып озамын деп қарсы бетке шыққан, деп нақтылады министрлік. Кейін көлікпен соқтығысқан.

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем бригадасы келді. Жүргізуші жол апаты кезінде мас болмаған, деп толықтырды ведомстводағылар.

Әскери қызметшінің кінәлі немесе кінәсіздігін тергеу анықтайды, деп атап өтті министрлік.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, жол жүрісі ережелерін бұзу" бойынша ауыстырылатынын мәлімдеді.

Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.