Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус жыраға аударылып түсті

0
2 601

Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында шахтаның 50 қызметкері болған.


Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус жыраға аударылып түсті

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында шахтерлер отырған автобус боран кезінде жыраға аударылып түсті. Салдарынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде 25 ақпанда таңертең "Қазақстан" шахтасына жол тартқан шахтерлер отырған автобус апатқа ұшырағаны туралы ақпарат пайда болды. Хабарламада автобус ауа райының қолайсыздығына байланысты жыраға түсіп кеткені айтылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус салонында шахтаның 50 қызметкері болған. Олардың сегізі жараланған-мыс.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының баспасөз қызметі өкілі апаттың болғанын растады. Компания мәліметінше, зардап шеккендердің ешқайсы ауыр жарақат алмаған.



"Мердігердің автобусы жол апатына түсті. Бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алып, медицина мекемесінде бақылауда қалды", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, 25 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның барлық дерлік облысында жолдар жабылды.