Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

0
807

​Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарған.


Қарағанды облысында жол апатынан полицей көз жұмды

ERNUR.KZ. "Екатеринбург-Алматы" тас жолында жүк көлігі мен патрульдік автокөлік соқтығысып, 46 жастағы полиция аға лейтенанты қаза болды, деп жазады sputniknews.kz.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жол апаты 15 сәуір сағат 06:40-та "Екатеринбург-Алматы" тас жолында, Балқаш қаласынан 45 шақырым жерде болған.

"Вольво" жүк көлігінің рөлінде 41 жастағы ер адам отырған. Ал "Kia Rio" патрульдік автокөлігін облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторы жүргізген.

"Салдарынан арнайы көліктің жолаушысы – қызмет бабында жүрген облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы, 46 жастағы Хайдар Оразбаев көз жұмды. Арнайы көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

ПД мәліметінше, полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органында 1995 жылдың қыркүйегінен бері қызмет атқарған. Үйленген, артында төрт баласы қалды.

Қарағанды облысы ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза болған әріптесінің туған-туыстарына көңіл айтады.