Қарағанды облысындағы газ жарылысынан полицейдің ата-анасы қаза тапты

0
358

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.


Қарағанды облысындағы газ жарылысынан полицейдің ата-анасы қаза тапты

ERNUR.KZ. Ботақара ауданында газ баллоны жарылды, қаза тапқандардың есімдері белгілі болды. Олар Бұқар жырау өңірінің жедел уәкілінің ата-анасы болып шықты. Полиция департаменті әріптестеріне қайғырып көңіл айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, бүгін, 30 қаңтарда Ботақара кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде жан түршігерлік жарылыс болды. Онда 2-қабаттағы пәтерде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

Бұқар жырау облысының жедел уәкілі Дәурен Тұрсынбековтың әкесі мен анасы Төлеген Рахметов пен Алма Рахметованың қайғылы қазаға ұшырағаны белгілі болды.