Қарағанды облысындағы мешітте үш адам иіс тиюден қайтыс болды

0
807

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан.


Қарағанды облысындағы мешітте үш адам иіс тиюден қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Ақтоғай ауылындағы орталық мешіт ішінде үш бірдей азамат иіс тиіп, қайтыс болды, деп жазады 24.kz.

Марқұмдардың жасы 20-дан енді ғана асқан. Бірі сол мешіттің жағушысы болса, тағы екеуі ауыл тұрғындары. Олар 28 қаңтар күні түс ауа Алла үйіне келген.

Боран салдарынан жарық сөніп қалып, жылыту пешін дизельді генератор арқылы іске қосып ұйықтап қалған. Осы кезде улы газдан тұншыққан.

Сұлқ жатқан жігіттердің мүрдесін мешіт жамағатының бірі көріп, хабарлаған. Алайда ауруханаға жеткізілгенімен жігіттер есін жимаған.